Конституциялық сот Парламент наурызда қабылдаған 5 заңның Атазаңға қаншалықты сай екенін тексерді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституциялық сот Президенттің өтініші бойынша Парламент қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституциялық сот Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Президенттің 2023 жылғы 29 наурыздағы өтініші бойынша Парламент 2023 жылғы 16 наурызда қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынған мына нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексерді:

- ҚР Әлеуметтік кодексі;

- «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;

- «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.

Конституциялық соттың қорытынды шешімдерінің толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар