Конституциялық мерзімдерді есептеу нақтыланады

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған заң жобасы «Конституциялық мерзімдерді есептеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2012 жылғы 13 сәуірдегі нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте заң жобасы жекелеген конституциялық заңдарда көзделген конституциялық мерзімдердің басталуы мен аяқталуын есептеу тәртібін белгілеу қажеттігінен туындаған. Осыған байланысты «ҚР сайлау туралы», «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «ҚР Конституциялық кеңесі туралы» конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар