+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Конституциялық құқық еш бұзылған жоқ – Ералы Тоғжанов вакцинация шаралары туралы

2021 жылғы 23 маусым 19:24
Бөлісіңіз:
Конституциялық құқық еш бұзылған жоқ – Ералы Тоғжанов вакцинация шаралары туралы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Міндетті вакциналау жөніндегі шаралар вакцина алмағандарды кемсітуге әкеп соқпай ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар азайды ма, Ashyq жобасының тиімділігі қандай - маманмен сұхбат Ақтөбеде «қызыл» мәртебесі бар адамдарға 3 млн теңге айыппұл салынды Атырау облысында коронавирус жұқтырған 27 науқастың жағдайы ауыр

«Міндетті вакциналау туралы сіз ұсынған шаралар іс жүзінде вакцина алмағандарды кемсітушілікке әкеп соғады деген пікір бар. Бұған не дейсіз? Бұл вакциналау паспорттары мен ПТР-тест нәтижелерін қолдан жасауды арттырады деп есептемейсіз бе?», - деп сұрақ қойды журналист ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Ералы Тоғжанов Конституциялық құқық еш бұзылмағанын атап өтті.

«Бірінші кезекте, Конституция бойынша біз азаматтарымыздың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сондықтан қабылданған мұндай шаралар барлық азаматтарға емес, қызмет көрсету саласына, күн сайын көптеген азаматтармен байланысатын адамдарға қатысты. Дәл осы санаттағы адамдар көрсетілетін қызметке келетін азаматтарымызға үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Бір жағынан – жұмысты тоқтатпау «Атамекеннің», кәсіпкерлердің өтініші еді, біз қол ұшын создық. Сондықтан осындай шешім қабылданды», - деді Е. Тоғжанов.

Ералы Тоғжанов медициналық қарсы көрсетілімдерді қоспағанда, адамдарға таңдау еркіндігі берілетінін айтты.

«Егер адам вакцинадан бас тартса, онда ПТР-тестілеуден өтуі керек. Біз Үндістандағы, басқа елдердегі жағдайды ескере отырып, қауіпке, үлкен қатерге жол бере алмаймыз. Біз азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз», - дейді Е. Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT