Конституциялық Кеңес: Заңдарға орынсыз жиі өзгеріс енгізу заң шығармашылығындағы кемшілік болып табылады

None
None
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Рогов осылай мәлім етті.

Еске салайық, Парламенттің бірлескен отырысында Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жарияланған болатын.

И. Роговтың айтуынша, еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін айқындау және бағамдау қолданыстағы құқық дамуының белгілі бір қорытындысын шығаруды ғана емес, заңнамалық реттеудің проблемаларын анықтауды қажет етеді. Конституциялық Кеңес Төрағасы заң шығармашылығындағы жұмыстарға талдау жасай келе, қазіргі таңда қолданыстағы бірқатар заңнамаға өзгерістер енгізілу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, И. Рогов заңнама нормаларындағы кейбір ұғымдардың ашып көрсетілмегеніне де назар аударды. «Заңдарда пайдаланылатын «алып қою» және «мәжбүрлеп айыру» терминдерінің ұғымы мен айырмашылығы ашып көрсетілмеді. Конституциялық Кеңес қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге орынсыз жиілетіп өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырғанын, ал мұның заң шығармашылығындағы кемшіліктердің бірі болып табылатындығын атап өтеді», деді И. Рогов.

Соңғы жаңалықтар