Конституциялық дамудың он бес жылында Қазақстанда бірде‑бір саяси дағдарыс болған емес - Н. Назарбаев

None
None
А. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Конституциялық дамудың он бес жылында Қазақстанда бірде‑бір саяси дағдарыс болған емес. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми‑тәжірибелік конференцияның бірінші күнінде сөз сөйлеген Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Конституциялық дамудың он бес жылында Қазақстанда бірде‑бір саяси дағдарыс болған емес. Барлық мәселелер қатаң түрде бірегей мемлекеттік билік тармақтарының өзара байланысы туралы Конституциялың ережелері негізінде шешімін тапты», деді Н. Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, Ата заң қоғамдағы демократиялық әлеуеттің өсуінің берік негізі бола алды. Мәселен, Қазақстанда екі мың алты жүзден астам БАҚ, он сегіз мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жемісті дамып келеді.

«Бізде он бір тілде газет-журналдар жарық көреді, театрларда алты тілде қойылымдар жасалады. Ондай театрлардың барлығы толығымен мемлекеттен қаржыландырылады. Бұндай тәжірибе әлемнің ешбір елінде жоқ. Бұл көпұлтты халқымызға, олардың тіліне, дініне, мәдени сұраныстарына қамқорлық жасаған мемлекетіміздің ерік‑жігерін білдіреді», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар