Конституцияға түзету ықпалды Парламенті бар республикаға көшуді бекітеді - сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Конституцияға түзету суперпрезиденттік басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар республикаға көшуді бекітуге арналған. Бұл туралы Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед БҰҰ Орталық Азиядағы босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілі Ханс Шоддермен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқапарат.

«Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын едәуір күшейтіп, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуы тиіс. Осыған байланысты, алдағы референдум әрбір азаматқа екінші республикаға көшуді айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Ол БҰҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдығы екенін де жеткізді. Біздің еліміз БҰҰ-ның босқындар құқықтарын сақтау мен қорғау саласындағы құндылықтары мен мақсаттарын қорғау жөніндегі жетекші халықаралық агенттік ретінде Басқарманың қызметін жоғары бағалайды.

Ханс Шоддер өз кезегінде біздің еліміздің осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалады және адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен қызмет Қазақстан мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынасты жақсартып қана қоймай, оларды жаңа деңгейге көтеретінін мәлімдеді.

«Біз Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссияны және Ауғанстанда тіркелген БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін Алматыда уақытша орналастырғаны үшін Қазақстан басшылығына ерекше алғысымызды білдіреміз. Алматыда БҰҰ-ның өңірлік хабын құруға келетін болсақ, ол Орталық Азия мен Ауғанстандағы Басқарма ісіне қарқын берумен қатар қызметінің нәтижелі болуын айтарлықтай арттырады», - деді БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілі.


Соңғы жаңалықтар