Конституцияда халықаралық және әлеуметтік жағдайлар толық ескерілген – қырғызстандық саясаттанушы

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Конституциялық өзгесіртер бүгінгі халықаралық және ішкі әлеуметтік жағдайларды ескере отырып жасалған. Қырғызстандық саясаттану және заң ғылымдарының докторы Қанатбек Азиз осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен референдум - Қазақстан қоғамы мен билігі үшін маңызды процесс. Мен аса назар аударған негізгі өзгерістердің бірі - суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тарту. Бұрын Қырғызстанда суперпрезиденттік жүйе болды. Ол кезде біздің елде көптеген кадрлық қателік орын алды, жергілікті жерлерде әлеуметтік мәселелер туындады. Тәжірибе көрсеткендей, бір қолға шоғырланған билікке қарағанда, аралас биліктің жұмысы нәтижелі болады», - деді Қанатбек Азиз.

Саясаттанушының пікірінше, Конституциялық өзгесіртер бүгінгі халықаралық және ішкі әлеуметтік жағдайларды ескере отырып жасалған. Оның сөзінше, бұл - елдің тұрақты әрі табысты дамуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ саясаттанушы мажоритарлық сайлау жүйесіне көшуге қатысты пікір білдірі.

«Бұл уақытқа дейін Қазақстан Парламенті сайлаушыларға тікелей қатысты болған жоқ. Ал енді өзгерген Конституция бойынша Парламент мүшелерін халық тағайындайды, олардың қызметін мерзімінен бұрын тоқтата алады. Таяуда Қырғызстан да осы мажоритарлық жүйені қайтару бастамасын көтерді. Яғни, депутат қандай да бір саяси партияға емес, тікелей сайлаушыға байланысты болуы қажет», - деп атап өтті саясаттану ғылымдарының докторы.

Бұдан бөлек Қанатбек Азиз таяуда болуы мүмкін өзгерістерге тоқталды. Саясаттанушының пайымынша, Парламент өзгерген Коституцияға сай кезектен тыс сайлау өткізуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар