Конституция - тұрақты дамуымыздың басты кепілі - БҚО әкімі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Салтанат сарайында ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болып, онда өңір жұртшылығын мерекемен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

nullnull
Өңір басшысының атап өткеніндей, 1995 жылғы 30 тамыз - Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған бетбұрыс күні. Осыдан 22 жыл бұрын халқымыз барша әлемге бірлігі мен даналығын көрсетіп, жаңа заманның талаптарына сай келетін Негізгі Заңын бекітті. Содан бері қоғамның дамып, жаңаруына байланысты Ата заңға бірнеше рет өзгертулер енгізілді. Айталық, 1998 жылы «Қазақстан - 2030» стратегиясы қабылданып, Елбасымыздың бастауымен еліміз екінші жаңғыртуға бет алса, одан соң 2007 жылы саяси партиялардың есебінен Парламент депутаттарының саны арттырылды. Биыл қабылданған билік тармақтарының кейбір өкілеттіктерін қайта бөлу туралы конституциялық өзгерістер Қазақстандағы саяси, экономикалық және рухани жаңғыруға жол ашатыны анық. 22 жыл ішінде құқықтық, әлеуметтік мемлекет құрудың барлық негіздері жасалып, Қазақстан іргелі елге айналды. Мемлекет басшысы осы уақыт аралығында көптеген тарихи шешімдер қабылдады. Соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғам тарапынан қызу қолдау тауып отыр. Биыл осы бағдарлама аясында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің және Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойлық шаралары жоспарланып отыр. Мұның бәрі - бірлік пен келісімнің арқасы. Конституция - тұрақты дамуымыздың басты кепілі.
nullnullnull

Салтанатты жиын барысында жұртшылық өкілдері сөз алып, бір топ еңбек ардагерлері мен әр түрлі сала қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, облыс әкімінің алғысхаты, кәмелетке толған жастарға жеке куәліктері табыс етілді.
null

Соңғы жаңалықтар