Конституция күніне орай біртоп ақмолалық полицей түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Конституция күніне орай біртоп ақмолалық полицей төс белгі, грамота және Алғыс хатпен марапатталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыстық ІІД ғимаратында өткен салтанатты шара барысында 80  астам тәртіп сақшысына құрмет көрсетілді.

«Мемлекетіміздің Конституциясы - бұл біздің береке-бірлігіміздің, құқығымыз бен еркіндігіміздің, ұлтаралық келісім мен еліміздің гүлденуінің кепілі болып табылады.

Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң осыдан 21 жыл бұрын қабылданды. Осы уақыттан бері Конституция мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Бүгінде  қазақ елі - демократиясы дамыған, зайырлы, құқықтық мемлекет болып табылады. Мұндай жетістіктерге Конституцияның мызғымастығының бірден-бір кепілі - Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз деуге болады.

Бүгінде елімізде саяси, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіліп, мемлекетіміз нығайып келеді. Осы ретте, қоғамның тыныштығын сақтауда полиция қызметкерлеріне зор міндеттер жүктеліп отыр. Мұны әрбір тәртіп сақшысы жете түсініп, өз қызметінен адал болуы тиіс», - деді облыстық ІІД басшысы, полиция полковнигі Ержан Сәденов құттықтау сөзінде.

Салтанатты шара барысында полиция подполковнигі  Насима Бейсембекова 2-ші дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі»  төс белгісімен марапатталса, полиция майоры Берік Айтеленовке қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтауға зор үлес қосқаны үшін ҚР ІІМ грамотасы, полиция аға сержанты Жеңіс Құлмағановқа ІІМ Алғыс хаты берілді.

Сонымен қатар,  құқық қорғау органдарында қызмет істейтін өзге де ақмолалық полицейлер Алғыс хаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар