Конституция күніне орай бір топ ақмолалық марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау» мәдениет сарайында болған мерекелік шараға Ақмола облысының құрметті азаматтары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, шығармашылық және ғылыми интелегенция, қоғамдық ұйымдар, депутаттар корпусы және жастар қатысты.


Жиналған қауым алдында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев сөз сөйлеп, жерлестерін Конституция күні мерекесімен құттықтады.

«Осыдан 24 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз мықты тәуелсіз мемлекет құрудың берік іргетасына айналды. Осы жылдар ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең ойластырылған бағытының, Қазақстан халқының тығыз топтасуы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында біздің елімізде ұлан-ғайыр әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулар табысты жүргізілді.


Бүгінгі таңда біздің алдымызға азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмысын одан әрі арттыруға бағытталған кең көлемді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде маңызды міндеттер қойылып отыр. Осы бір тамаша мереке Сіздердің Отан игілігі жолындағы игі қадамдарыңызға жаңа серпін берсін», - дей келе, аймақ басшысы бір топ көкшетаулыққа жаңа пәтердің кілтін және еселі еңбектерімен облыстың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға өз қолымен Алғыс хаттарын табыс етті.


Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Көкшетаудағы «Видергебурт» неміс ұлттық орталығының төрайымы Светлана Корнеева сөз сөйлеп, Тәуелсіз еліміздің дамуында Ата Заңымыздың маңыздылығына тоқталды.



Соңғы жаңалықтар