Конституция күні - тәуелсіз ел тарихындағы елеулі мерекелердің бірі - Сергей Кулагин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин барша ақмолалықтарды 30 тамыз-ҚР Конституциясы күнімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімінің құттықтауында: "Баршаңызды тәуелсіз ел тарихындағы елеулі мерекелердің бірі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекетіміздің Конституциясы - бұл біздің береке-бірлігіміздің, құқығымыз бен еркіндігіміздің, ұлтаралық келісім мен еліміздің гүлденуінің кепілі болып табылады.

Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң осыдан 19 жыл бұрын қабылданды. Осы уақыттан бері Конституция мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Бүгінде қазақ елі - демократиясы дамыған, зайырлы, құқықтық мемлекет болып табылады. Мұндай жетістіктерге Конституцияның мызғымастығының бірден-бір кепілі - Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз деуге болады.

Бүгінде елімізде саяси, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіліп, мемлекетіміз нығайып келеді. Осы ретте, елімізде білім, денсаулық саласы қарқынды дамып, зейнетақы, өзге де әлеуметтік төлемдердің көлемі артуда.

Осы атаулы мереке қарсаңында қымбатты жерлестер, біз сіздерге бейбітшілік пен татулықты тілейміз. Әр отбасына бақыт пен береке-бірлік болсын, ал Отанымызды гүлдендіру жолындағы жаңа жеңістерге деген ұмтылыстар бізді үлкен табыстарға жеткізсін!" - делінген.

Соңғы жаңалықтар