Конституция күні мерекесіне орай Аршалы ауданында дәрігерлік амбулатория пайдаланылуға берілді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Еліміздің ең басты мерекелерінің бірі - Конституция күні қарсаңында Аршалы ауданындағы Анар стансасында бір ауысымда 25 науқасты қабылдайтын дәрігерлік амбулатория пайдаланылуға берілді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл - «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған жоба. Жалпы, денсаулық сақтау саласын нығайту - күн тәртібіндегі басты міндеттердің бірі. Бүгінгі дәрігерлік амбулатория құрылысына облыстық бюджеттен 174 миллион теңге қаражы жұмсалған. Аталмыш нысан елді мекендегі 1500-ге жуық халыққа қызмет көрсетеді деп болжануда.

"Қазіргі заманғы медициналық талаптарға сай жасалынған амбулаторияда станция тұрғындары алғашқы медициналық-санитарлық көмек ала алады. Медициналық мекеме заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ғимаратқа су, жылу және канализация жүйесі тартылған. Келушілер үшін терапевттік, хирургиялық және педиатрлық тәрізді бөлмелер жұмыс істейді" дейді Анар дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Г. Абагүлова

Сонымен қатар, мұнда туберкулезге қарсы қызмет көрсететін арнайы бөлек орын да бар. Онда науқастар физоемдеу алуына болады.

Соңғы жаңалықтар