Конституция күні қарсаңында бір топ ақмолалық облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Конституциясы күні қарсаңында бір топ ақмолалық облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Көкшетау» мәдениет сарайында өткен мерекелік шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.Ерғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Теміржанов және мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, дәрігерлер мен ұстаздар және жастар қатысты.

Өңір басшысы облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта келе, жиналғандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

«Сіздерді тағы да мерекелік марапатқа ие болуларыңызбен құттықтаймын және барлығымызға мемлекет тарапынан артылған сенімді ақтау үшін және ел Президентінің алдымызға қойған міндеттерін орындау үшін қажырлы  еңбек етуге шақырамын. Қазақстан тәуелсіздік алған қысқа уақыттың ішінде әлемге танымал бола білді. Біздің көз алдымызда Қазақстанның жаңа тарихы қалыптасуда, - деп атап өтті С.Кулагин.  

Конституция күніне орай ұйымдастырылған шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, әр салада еңбек етіп жүрген 15 ақмолалық облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, 17 адамға Алғыс хат тұрғылықты жері бойынша табыс етілді. 

null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар