Конституция күні қарсаңында ауылдық амбулатория күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

None
None
Л. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы Болашақ ауылдық амбулаториясы Конституция күні қарсаңында күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатқа 12,3 млн. теңге бөлінген болатын. Күрделі жөндеу жұмыстарын Нұртай Жұмашев жетекшілік ететін «Лайге» ЖШС сапалы атқарып шықты. Аталмыш серіктестік «Жол картасына» сәйкес 21 адамды жұмысқа тартты. Қазіргі кезде аталмыш амбулаторияда жұмыс істеуге ниет білдірген дәрігерге үй де әзір тұр.

Соңғы жаңалықтар