Конституция еліміз алға қойған ұлы мұраттарға толық сай келеді - Сенат депутаты Р.Ахметов

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміз алға қойған ұлы мұраттарға толық сай келеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Батыс Қазақстан облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашит Ахметов мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, халық қалаулылары Парламентте заңдарды қабылдау кезінде ең алдымен осы Ата заңға арқа сүйейді. Былайша айтқанда, ол түбегейлі түрде қабылданған негізгі заң болып есептеледі. Оған  көп өзгеріс енгізіле қойған да жоқ. Бұл заң әлі де ұзақ мерзім бойы бағыт-бағдар беретін тапжылмайтын Темірқазық іспеттес.

Қазақстан алдағы жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етпек. Бұл - халықаралық қауымдастықтың елімізді тануының тағы бір жарқын айғағы. ТМД елдері ішінде таңдаудың Қазақстанға түсуі тегіннен-тегін емес. Осы бағытта депутаттар тарапынан да бірталай жұмыстар жасалды. Егер де Конституциямыз болмаса, еліміз мұндай табысқа жетпес еді. Шетелдіктер шешім қабылдар кезде алдымен сол елдің Ата заңы қандай, заңдары қандай деңгейде, демократиялық дамуы, бағыт-бағдары - осының бәріне зер салады.

«Биыл Конституция күні кең көлемде тойланғалы отыр. Тұңғыш рет әскери шеру болмақ. Бұл күн - бәріміз үшін де аса қастерлі, ерекше мейрам», деді сөзінің соңында сенатор.

Соңғы жаңалықтар