Конкурс барысында төрт қазақстандық ЖОО ректорын тағайындау ұсынылды

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Республикалық конкурстық комиссияның мемлекеттік 6 жоғары орнының ректорларын сайлау жөніндегі отырысы болды.

 Олар Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Республикалық конкурстық комиссиясының қарауына осы 6 жоғары оқу орнының байқаушылар кеңесі ұсынған, конкурсқа өтініш берген 45 адамның 11-і ұсынылды.

Үміткерлермен әңгімелесу және олардың жоғарғы оқу орындарын дамыту жөніндегі бағдарламаларын талқылау қорытындысы бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне Бауыржан Ердембековті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне Бақыт Жәутіковті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне Серік Өмірбаевты, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне Дариякүл Қожамжарованы ректор етіп тағайындау ұсынылды.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бойынша конкурс өтпеген болып саналды және Білім және ғылым министрлігіне конкурсты қайта өткізу жөнінде ұсыныс айтылды.

Ректорлардың сайлануы және есептілігі қағидасының енгізілуі жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кезең-кезеңмен ұлғайту аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 78-ші қадамына сәйкес келеді.

 

Соңғы жаңалықтар