+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Көңілге медеу, үмітке қанат бітірген үндеу болды – Ержан қажы Малғажыұлы

2020 жылғы 9 шілде 11:29
Бөлісіңіз:
Көңілге медеу, үмітке қанат бітірген үндеу болды – Ержан қажы Малғажыұлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа байланысты бүгінгі күннің маңызды мәселелері дер кезінде оң шешімін тапса, алғыстан басқа айтарымыз қалмас еді. «Нұр-Мүбарак» университеті ректорының кеңесшісі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ержан қажы Малғажыұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың телеүндеуіне қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телеарна арқылы халыққа жолдаған үндеуін тыңдадым. Жұқпалы індет салдарынан жақынынан айырылған жұртымыз үшін, дертке дауа таппай елең-алаң күй кешкен еліміз үшін бұл көңілге медеу, жанға жігер, үмітке қанат бітірген үндеу болды.

Дәл қазір дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. «Ашынғаннан шығар ащы дауысым» дегендей, бұл мәселені халық әлеуметтік желіде жиі көтерді, ащы дауысын жеткізді. Осы ретте Президент өз сөзінде: «Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қамтамасыз етіледі» деп атап өтті. Расында, бұл – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Аталған жағдай дер кезінде оң шешімін тапса, біздің алғыстан басқа айтарымыз қалмас еді...», - дейді Е.Малғажыұлы.

Оның айтуынша, еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы да жамағатқа жолдаған үндеуінде осы мәселеге айрықша тоқталған болатын.

«Бас мүфтидің: «Асыл дінімізде қажет уақытта қажет көмекті жасау үлкен сауапты амалдың біріне жатады. Сындарлы сәтте науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп, алғысын алайық. Дәрі-дәрмектің бағасын қолдан қымбаттатуға жол бермей, жақсылық жасауға асығайық» деген сөзінің жаны бар.

Ал Мемлекет басшысы дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларға тиісті жаза берілетінін жеткізді. Солар сынақ сәтінде адамнан ақша емес, алғыс алудың қаншалықты сауапты іс екенін білсе, түсінсе екен дейсің.

Қ.Тоқаев күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған әңгімелер тарап жатқанын, сонымен қатар сол теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың әрекеттерін сынға алды. Расында да теріс ақпарат тарату заң мен шариғатты былай қойғанда адамгершілікке жат әрекет қой.

Алла Тағала Құранда: «Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер» дейді («Хужурат» сүресі, 6-аят).

Осы ретте халықты үрейге емес, үмітіне қанат бітіруге, қайғыға емес, қуанышқа бөлеуге шақырамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Осы сынақты сабырмен еңсеріп, жақсы күнде жолығуды жазғай. Әмин!», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT