Көңілді әрі сезімге толы болады - Димаш Мәскеудегі екінші концертіне шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеуде екінші концерт береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Қымбатты достар! Сіздерді қуана-қуана Мәскеуде, 2020 жылы 9 наурызда «Мегаспорт» аренасында өтетін өзімнің концертіме шақырамын. Бұл көңілді, креативті және сезімге толы болады! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекелік күндері Мәскеуде болатын өзімнің шоуыма шақырамын. Билеттер Ресей бойынша турнедегі билеттерді ресми сатумен айналысатын әріптес - www.icetickets.ru» сайтында»,-делінген әншінің жазбасында.

Бұдан басқа Димаш екінші концертінің сансыз тыңдармандарының сұранысы бойынша өтетіндігін атай кеткен.

Еске сала кетсек, Мәскеуде 22 наурызда Кремль сарайында Димаш Құдайбергеннің бірінші жеке концерті өткен еді. Оған әншінің шығармашылығына шынайы берілген әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлер келген болатын.

Сондай-ақ Димаш бұдан бұрын 25 наурыз күні Праганың «Tipsport-Arena»-сында өтетін Чехиядағы алғашқы жеке концертіне де шақырған еді.

Соңғы жаңалықтар