Көңілдесін өлтірген Алматы облысының тұрғыны 9 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кісі өлтірген Қарасай ауданының 29 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс 2016 жылы Қарасай ауданы Іргелі кентінде орын алған. Әйел көңілдесімен ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалады, ер адам оған қол жұмсаған сәтте әйел оның мойын тұсын пышақпен тіліп жібереді. Жедел жәрдем келгенше жарақаттан ер адам көз жұмады.

Сот үкімімен әйел ҚР ҚК 99-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды, оған жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 9 жыл бас бостандығынанан айыру үкімі тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар