Конгресс-Холлдың бұрынғы директоры қылмыстық топ құрған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы директоры 1,8 млрд теңге ұрлаған. ​Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда сотында Мемлекеттік академиялық филармонияның, бұрынғы Конгресс-Холлдың бұрынғы директоры Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол өзінің бағынышты қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ ұйымдастырған. Олар 1,8 млрд теңгеден астам ақшаны ұрлаған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.


Соңғы жаңалықтар