Конгодағы жантүршігерлік жол апатында 22 адам ажал құшты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасындағы жантүршігерлік жол апатында кем дегенде 22 адам қаза тапты. Бұл туралы France Presse агенттігі хабарлады.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Танганьика провинциясында қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып, апат салдарынан кем дегенде 22 адам қаза тапқан.

Полицияның мәлімдеуінше, он шақты адам жарақат алған, олардың көбі хал үстінде жатыр.

Әзірге толыққанды ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар