Конгода ұшақ апатынан 24 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конго Демократиялық Республикасында Busy Bee компаниясының жолаушылар ұшағы құлап, апаттан кем дегенде 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

«Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Гома қаласында жолаушылар ұшағы үйлердің үстіне құлап түсті, апаттан кем дегенде 27 адам қаза тапты», - деп хабарлады жергілікті шенеуніктер.

Қаза тапқандар арасында үйлердің бірінде болған бір отбасының тоғыз мүшесі бар.

Еске салайық, шағын ұшақ жексенбі күні таңертең Гома қаласының әуе айлағынан ұшқаннан кейін бірер уақыт өткен соң құлады. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Бортта 17 жолаушы мен экипаждың екі мүшесі болған.

Фото: REUTERS

Соңғы жаңалықтар