Конгода су тасқынынан 176 адам қаза болды

None
Фото: aa.com.tr
ЯУНДЕ. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Оңтүстік Киву провинциясында су басу салдарынан қаза болғандар саны 176 адамға жетті. Бұл туралы провинция губернаторы Тео Нгвабидже Каси мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы-ға сілтеме жасап.

Бушушу және Ньямукуби ауылдарында түні бойы нөсер жауын жауып, Чибира өзені арнасынан тасыған. Аумақ тұрғындарының дені із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін апаттан 72 адам мерт болғаны туралы жазылған еді.

Тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жаңбыр маусымы кезінде қайғылы жағдайлар жиі болады.

Фото: Анадолу


Соңғы жаңалықтар