Конгода катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапты

None
None
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-батысында Конго өзенінде катер аударылып, 100-ден астам адам қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы сенбі күні Agence France-Presse жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Апат 5 қазанға қараған түні болған. Өзеннен 51 мәйіт табылды, 69 адам із-түзсіз жоғалған, деді Монгала провинциясының өкілі Нестор Магбадо. Ол 39 адамның аман қалғанын айтты.

Жергілікті билік осы апаттың құрбандарын еске алу үшін 11 қазаннан бастап үш тәулікке аза тұту күнін жариялады.


Соңғы жаңалықтар