Конгода Эбола індетінен 200-ден астам адам қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті белең алды. Шілде айынан бері осы дерттен көз жұмғандар саны 200-ден асты. Бұл туралы кеше елдің денсаулық сақтау министрлігі Твиттердегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 қарашаға дейін жалпы 326 адам Эбола ауруын жұқтырды деген күдікпен тіркелді, соның 291-і расталды, қалған 35-інде әлі анықталмады», - делінген хабарламада.

ВВС-дің хабарлауынша, соңғы күндері бұл ауруды жеті адам жұқтырғаны, үш адамның ажал құшқаны анықталды. Әсіресе КДР-дың Солтүстік Киву және Итури провинцияларындағы ахуал күрделі.

Қайтыс болғандардың жалпы саны 201-ге жетті, 166-сында вирус зертхана талдаулары арқылы дәлелденген.

Эболамен ауырған 98 адамның сырқатынан айыққаны әзірге дәрігерлердің көңіліне дем беріп отыр. 8 тамыздан бері елде 28 303 адамға қауіпті вирусқа қарсы вакцина егілген.

Соңғы жаңалықтар