Конгода 15 кенші шахтада тұншығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конго Демократиялық Республикасының оңтүстігіндегі шахтада заңсыз жұмыс жүргізу кезінде 15 кенші тұншығып қалған.

Бұл оқиға Катанга провинциясындағы минералдар өндіру шахтасында орын алған.

«Колвези шахтасының туннелінде он бес жұмыскер қаза тапты. Олар 20 метр тереңдікте тұншығып кетіп, көз жұмды», - деп мәлім етті Колвези қаласының мэрі Деод Капенд. Оның айтуынша, шахтадағы барлау жұмыстары заңсыз жүргізілген.

Елдің оңтүстігіндегі аймақ пайдалы қазбаларға бай өңірлердің бірі болып саналады. Жергілікті тұрғындар өз өмірлерін қатерге тігіп, минералдарды, соның ішінде мыс пен кобальтті заңсыз шығарумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар