Конфуцийдің отаны ЭКСПО-да өз апталығын ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қытай павильонында «Шаньдун провинциясының апталығы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
Қытай мәдениетінің бесігі саналатын Шаньдун провинциясы бай мәдениетімен, салт-дәстүрімен және әсем табиғатымен ерекшеленетін, халық тығыз қоныстанған аймақ.  Мұнда Конфуций, Чжуан-Цзы, Мэн-Цзы сынды  ұлы ойшылдар дүниеге келген. Бейжің мен Шанхайдың арасындағы географиялық орналасуы да провинцияның жан-жақты дамуына септігін тигізді: экономикалық даму жағынан Шаньдун Қытай провинциялары арасында үшінші орында тұр.

Апталықтың ашылу салтанатына қатысқан Жалпықытай халық өкілдері құрылтайы Шаньдун провинциясының Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ся Гэн Қытай павильонындағы Шаньдун апталығын ашық деп жариялады.

«Бай тарихымызбен бірге, жетістіктеріміз же жоқ емес. Шаньдун аймағының ауыл шаруашылығы экспортының көлемі жалпы Қытайдың экспорт көлемінің ширек бөлігін құрайды. Мұнда әлемнің үздік 500 кәсіпорны қатарына енген 209 кәсіпорын орналасқан. Инвесторлар Шандуньде жүзеге асырылатын 700-ден астам жобаға қаражат құйды. Провинцияда теңіз, әуе және темір жол қатынастары жолға қойылған, бұл да Қытайдың өзге мемлекеттермен қарыс-қатынас орнатуында, тауар экспорттауында елеулі маңызға ие», - деді ол.
null null null null null 

Тағы бір айта кетерлігі, Шаньдун апталығының ашылу салтанатында Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігі Жалпықытай халық өкілдері құрылтайы Шаньдун провинциясының Тұрақты комитетімен және Шаньдун провинциясы халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетімен ынтымақтастық туралы меморандумдерге қол қойды. Шаньдун провинциясының үкіметі өз кезегінде, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен келісім бекітті. Сонымен бірге, Шаньдун өнер институты мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында меморандум орнатылды.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 барысында Қытай павильоны өзінің 23 аймағының тақырыптық апталығын өткізді. Шаньдун апталығы - Қытай павильонында өзін таныстыратын ең соңғы аймақ.

Соңғы жаңалықтар