Конференция лигасы: «Тобыл» жарысты жалғастыратын болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысында қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда Финляндияның «Хонка» командасымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойынның бірінші кезеңінде командалар тезірек есеп ашуға тырысқан еді. Дегенмен өз мақсатына жете алған жоқ. Кейбір сәтте ойыншылар көздеген нысанадан мүлт кетсе, енбігі бір сәтте қақпашылар айласын асырып кетті.

Екінші кезеңде де таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Айта кетсек, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Енді қостанайлық клуб екінші іріктеу сатысында Швейцарияның «Базель» командасымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, аталған турнирдің екінші сатысында шымкенттік «Ордабасы» Польшаның «Легия» командасымен, «Ақтөбе» «Сараево» (Босния) және «Торпедо Кутаиси» (Грузия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ойын 27 шілде және 3 тамыз күндері болады.

Еске салсақ, Чемпиондар лигасында «Астана» екінші іріктеу сатысына шықты.


Соңғы жаңалықтар