Конфедерация кубогында Португалия мен Мексика құрамалары тең түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының топтық кезеңінің бірінші турында Португалия құрамасы Мексика командасымен ойында 2:2 есебімен тең түсті. Қазанда өткен кездесуге 34 372 көрермен қатысты, деп хабарлайды ТАСС.

Португалия құрамасының құрамынан Рикарду Куарежма (34-ші минутта) мен Седрик Соареш (86) гол салды. Ал мексикалық құрамадан Хавьер Эрнандес (42) пен Эктор Морено (90) мергендіктерімен көзге түсті. 22 минутта португалиялық команданың қорғаушысы Пепе қарсыластар қақпасына доп салды. Алайда, бейнеассистенттердің көмегінен соң гол салынбаған болып есептелді. Бейнеқайталауда футболшының офсайтта қалғандығы байқалды.

Бейнетүсірілімнің көмегі алғаш рет Конфедерация кубогында пайдаланылған болатын. Матчтың ең үздік ойыншы Криштиану Роналду болып танылды.

Соңғы жаңалықтар