Конфедерация кубогы: А тобының жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Семей қаласында Конфедерация кубогының А тобына түскен командалар арасында іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оған Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазқстан және Павлодар облысының спортшылары қатысып, спорттың төрт түрінен - грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо және таеквондодан топ жеңімпаздарын анықтады.

Іріктеу сайысының қорытындысы бойынша Қостанай облысының грек-рим күресінің құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Ал, еркін күресте Шығыс Қазақстан облысына тең келер ешкім болмады.

Осылайша, үш бірдей іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төмендегідей командалар жартылай финалға жолдама алды.

Грек рим күресі - Қостанай облысы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы;

Еркін күрес - ШҚО, Астана қаласы, Түркістан облысы;

Енді соңғы іріктеу кезеңі С тобына түскен командалар арасында өтеді. Атырауда 27-28 қазанға жоспарланған жарысқа Атыраудан бөлек, Алматы қаласы, Жамбыл және Маңғыстау облысының спортшылары қатысады.

Фото: www.wrestling.kz

Соңғы жаңалықтар