+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Көне Жанкент қалашығының орнында ежелгі үйдің бірі қалпына келтірілді

2020 жылғы 12 тамыз 13:44
Бөлісіңіз:
Көне Жанкент қалашығының орнында ежелгі үйдің бірі қалпына келтірілді

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Зертеушілер Жанкент қалашығының ішіндегі үйдің бірін ежелгі қалпына келтіріп, қайта жандандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Жанкент қалашығы – Қазақстанның ортағасырлық тарихын, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зеттеуде тірек ескерткіш болып табылады. Бұл ескерткішті 2005 жылдан бері «Халықаралық Жанкент археологиялық экспедициясы» зерттеп келеді. Археолог, тарихшы, остеолог, топырақтанушы, архитектор, геофизик, т.б. ғалымдардан құралған экспедиция кешенді археологиялық және пәнаралық зерттеу әдісін пайдаланып келеді.

Айта кететін жайт, облыстық бюджет есебінен Жанкент қалашығындағы қазба жұмыстары 2014 жылдан бастап Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан жүргізілуде.

«Жанкент қалашығындағы 2016-2020 жылдары бірлесіп жүргізілген ғылыми-зерттеудің нәтижелері, қалашық аумағында аспан асты музейін ұйымдастыру, ескерткішті сақтап қалу және қайта-қалпына келтіру жұмыстары таныстырылып, алдағы уақытта облыс аумағындағы археологиялық ескерткіштерді қала типтес ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізу, мониторинг, сараптама жасау, өңірдің ішкі туризмін дамыту және туризм картасына ескерткіштерді қосу, археологиялық парк қалыптастыру туралы өзекті мәселелер бағамдалды.

Биылғы қазба маусымында археологиялық зерттеулермен қатар, архитектуралық құрылыстарды тұмшалау, қайта қалпына келтіру жұмыстары да қолға алынған. Мысалы, ескерткіш цитаделінің солтүстік қорған қабырғасында 5 мұнарасы аршылып, жауын-шашыннан қорғау мақсатында сырты сабан жабындымен жабылды», делінген хабарламада.

№1 қазбада орналасқан үйдің орны қалпына келтірілді. Жалпы бұл қазбаның аумағы көлемі 400 шаршы метрге жуық болатын темір жабындымен жабылған. Үйдің үш тұрғын бөлмесінің қабырғалары жергілікті халықтың құрылыс әдісіне айналған «каркасты» әдіспен көтерілді. Бөлмелердің төбесі пашынмен жабылып, бөлме ортасына терезесі орнатылды. Бөлмелердің ішіне ер және әйел адамның, баланың мүсіндері дайындалып қойылды. Осылайша, Жанкентті зертеушілер қалашық ішіндегі тұрғын үйдің ежелгі қалпын қайта жандандырды.

Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде, ескерткіш аумағындағы үй-жайлардың, бөлмелердің жақсы сақталғандығын байқаймыз. Жанкентті зерттеуші ғалымдардың пікірінше, келешекте осы бағыттағы жұмыстар Жанкент қалашығының аумағында археологиялық паркті қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT