Көне Сауран қалашығын абаттандыру мәселелері талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітованың төрағалығымен кезекті ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқосуға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Жангелді Мақашев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Тасов, «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің өкілдері мен тарихшы, ғалымдар, мердігер мекеме басшылары қатысты.

«Отырыста Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағындағы тарихи орындарды қайта жаңарту, жаңғырту жөніндегі жобаларды үйлестіру, ортағасырлық Сауран қалашығын абаттандыру, сапар орталығын салу және туристік әлеуетін арттыру, Күлтөбе қалашығының цитадель бөлігінің жабынын ретке келтіру, Отырар қалашығындағы қайта жаңғырту жұмыстары бойынша мәселелер талқыланды», делінген «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар