Көне Қышқала қалашығын зерттеушілер жаңа деректерге қол жеткізді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданы аумағына орын тепкен көне Қышқала шаһарында зерттеушілер жаңа деректерге қол жеткізді. Бұл қала Алпамыс батырдың жары - Гүлбаршын өмір сүрген Баршынкент болуы әбден мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қышқалада археологиялық зерттеу жұмыстары басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Археологиялық қазба жұмыстары Қызылорда облысының Тарихи және мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен қолға алынып отыр. Қазба жұмыстарын елімізге белгілі тарихшы-археолог Мадияр Елеуов басшылық ететін «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы жүргізуде. Жоба Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асырылып отыр.null

Бүгінгі күндері Қышқала аумағынан көптеген құнды жәдігерлер аршылып алынды. Олар көне мекеннің Баршынкент болуы мүмкін деген жорамалын нақтылай түседі. Археологтардың айтуынша, аталмыш қалашықты зерттеу Сыр бойындағы орта ғасырлық қалаларды зерттеу мен тарихын анықтауда өз септігін тигізетін болады. Қышқаланың шын атауы әлі күнге дейін белгісіз. Ел арасында оны Баршынкент дейтін болжамдар айтылады.null

«Қышқала өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін тарихшылар назарынан тыс қалып келді. Мұнда ғылыми негізде зерттеу жүргізіле қойған жоқ. Тек әуесқойлық деңгейде қазба шаралары жасалды. Соңғы жылдарда Қышқаланы зерттеуде нәтижелі жұмыстар қолға алынып отыр», - деді Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің бөлім басшысы Ғалымжан Садықов.

Былтыр бұл қалашықты зерттеу барысында Хан шатырына ұқсас ғимарат орны анықталған еді.

Бұл қастерлі мекен ірі сауда және қолөнер орталығы болуы мүмкін. Себебі, аталмыш мекен Жібек жолы бойында орналасқандықтан сондай деңгейге көтерілген деуге негіз бар. Табылған қыш ыдыстардың сынықтары сондай жорамал жасауға негіздейді. Осындай қайнаған тіршілік ауаны Х-ХІ ғасырларда басталған. Ол ХІІІ ғасырдағы Алтын Орданың сауда байланыстары өркен жайғанға дейін дәуірлеп тұрған.

Соңғы жаңалықтар