Көне қалалар туралы фильмнің тұсауы кесілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оңтүстікфильм»мекемесінің жетекшілігімен «САҚ» киностудиясы түсірген туындыда ортағасырлық 8 ескерткіш туралы баяндалады. Сондай-ақ,  Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде түсірілген деректі фильм көне тарихи мол мұраларымызды насихаттау арқылы ұрпақ санасына патриоттық сезімді  сіңіруді  көздейді. Оңтүстіктегі ежелгі, тарихи, киелі орындарымен таныстырып, өткен мәдениетімізді дəріптеу және табиғаты әсем жерлерді көрсету көзделген. Өскелең ұрпаққа өз елінің тарихын ұғындыру, ұлтжандылық бағытындағы тәрбие беру болып табылады.

Фильмнің режиссері Батырхан Дəуренбеков, операторы- Айдар Мырзадәулетов. Ұрпаққа мұра құнды дерекке бай фильмнің тұсаукесер рəсімі ОҚО тарихи-өлкетану музейінде өтті. Деректі фильмде өңірдегі тарихи ескерткіштер, киелі жерлер мен әсем табиғатқа ие сол замандағы Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Арыстанбаб, Түркістан,  Қараспантөбе, Жуантөбе, Күлтөбе қалашықтары көрсетіледі.

Жаңа туында алдағы уақытта көрермендерге жол тартпақ. 

Соңғы жаңалықтар