+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

«Көне дүние күмбірі» кітабы жарық көрді

2013 жылғы 23 қазан 11:48
Бөлісіңіз:
«Көне дүние күмбірі» кітабы жарық көрді

АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Өнер» баспасынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жарқын Шәкәрімнің профессор Болат Сарыбаев жайлы қазақ, орыс тілдеріндегі «Көне дүние күмбірі - Мелодии древности» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді.

Бұған дейін әйгілі өнертанушының «Әміре» (1977), «Ән жұлдыз» (1978), «Амре Кашаубаев» (1980), «Малайсары биден Шәмілге дейін» (1997), «Ән асқары» (1998), «Әміре Қашаубайұлы» (2006), Б.Айтқазинмен бірлесіп «Таскескен тағылымы» (2001) және Д. Тілендікелінімен бірлесіп «Нұрғиса Тілендиев (2003) деген 8 кітабы жарыққа шыққан болатын.

«Бұл кітап қазақтың музыкалық аспаптану ғылымының негізін қалаған, көрнекті ғалым Болат Сарыбаев жайлы тұңғыш еңбек болып табылады. Онда ғалымның консерваторияда есімдері аңызға айналған академик Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, Иосиф Дубовский тәрізді көптеген ұстаздардан үлгі-өнеге алғаны, сонда-ақ Шамғон Қажығалиев, Фуат Мансұров, Құбыш Мұхитов, Фатима Балғаева тәрізді еліміздің көрнекті өнер қайраткерлерімен өнер биігіне қатарлас қанат қаққаны әңгімеленеді. Бұдан бөлек Болат Сарыбаев зерттеп, жаңғыртқан жетіген, шертер, асатаяқ, дудыға, қоңырау, үскірік, сазсырнай, қос сырнай, тастауық, қурай-ысқырғыш, үшпілдек, ысқырауық, қауырсын сырнай, мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней, даңғыра, сылдырмақты қамшы, қоңырау тәрізді қазақтың көне музыкалық аспаптары сипатталып оқушы қауымға қарапайым тілмен жеткізілген», - дейді кітап авторы Ж.Шәкәрім. Оның айтуынша, кітапта сонымен қатар Б.Сарыбаев зерттеген қазақтың үш ішекті - қосбұрау домбырасы мен орыстың үш ішекті «домбрасы» жайлы тың мәліметтер келтірілген. Кітаптың мазмұнын үш ішекті - қосбұрау домбыраға арналған күйлердің ноталары жарқыратып аша түсері анық.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT