«Конденсат» компаниялар тобы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасын өткізуде

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Конденсат» компаниялар тобы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасын өткізуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл бұл спорт мерекесінің ұйымдастырылғанына он жыл толып отыр. Осы мерзім ішінде «Конденсатқа» қарайтын кәсіпорындар қызметкерлері волейбол, бадминтон, коньки мен шаңғы, үстел теннисі, шахмат, дойбы, шағын футбол, жағажай волейболы, арқан тарту, боулингтен жылма-жыл сынға түсіп келеді. «Жайықмұнай» ЖШС инженері, спорт ардагері Абай Нығметовтің сөзіне қарағанда, өткен жылы осы компания жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанған болатын, биыл да жеңіс тұғырынан  көрінуге күш салмақшы.

«Конденсат» компаниялар тобы кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісовтің айтуынша, мұндай жарыстың салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы зор. Компаниялар қызметкерлері үшін осыған дейін үш спорт залы салынса, Ақсай қаласында тағы бір қазіргі заманғы кешен көп ұзамай пайдалануға берілмек.

Аталмыш компаниялар тобы 2000 жылдан бері волейболдан ұлттық лига командалары арасында өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленіп жүрген «Конденсат» клубына да демеушілік етіп келеді.

Соңғы жаңалықтар