Концертке келген топқа белгісіз біреу граната лақтырған, бірнеше адам жарақаттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Колумбияның солтүстік шығысында мерекелік концерт кезінде граната жарылып, кем дегенде жеті адам зардап шеккен. Бұл туралы жексенбіде El Tiempo басылымы хабарлады.

Газеттің дерегі бойынша, келеңсіз жағдай жексенбі күні Теорама қаласында таң атар кезде (Норте-де-Сантандер департаменті) болған.

Муниципалитеттің 207-жылдығына арналған концертте белгісіз біреу жиналған топқа граната лақтырған. Салдарынан екі әскери қызметші және бес азамат жарақаттанған.

Олардың бәрі жағын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жергілікті билік оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеруге кірісті.

Соңғы жаңалықтар