Қонаевтан казиноны көшіру мәселесі әзірге қаралып жатқан жоқ- әкім

None
None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қонаев қаласындағы ойынханалар ел экономикасына мультипликативті әсер етіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы журналистерге баспасөз тур барысында қала әкімі Нұрлан Құматаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бізде қалада 15 ойын аймағы бар. Атап айтар болсам, 5 казино, 4 лот клубы және 6 букмекерлік кеңсе. Иә, жұрт жаңа облыс орталығында казино жұмыс істемеуі керек деп ойлайды. Бірақ көптеген азаматтарымыз сонда жұмыс істейді. Казино мультипликативті әсер етеді. Біз мониторинг жүргіздік – онда 7,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Басқа дамыған елдерде де казинолар бар, бірақ олар да осылай жұмыс істейді. Мұнда тек казино ғана емес, ойын-сауық орталықтары, балалар ойыны мен қонақ үйде бар. Жазда адамдар келіп демалады. Мұнда түрлі іс-шаралар мен концерттер өтеді. Біз де осы бағытта жұмыс істеуіміз, дамуымыз керек деп ойлаймын. Әзірге, казино жұмыс істейді. Жақын арада көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», - деп жауап берді қала әкімі баспасөз тур барысында журналистердің сауалына.

Оның айтуынша, биыл казинолар 84 млрд теңге салық төлеген. Әкім ойынхананы көшіру уақыт еншісінде екенін айтты.

Сонымен қатар ол ойын аймақтарының басқа жаққа ауыстырылуына да қарсы еместігін баса айтты. Бұған дейін Үкіметте Қонаев қаласындағы казиноны жабу мәселесі қаралатыны туралы жазған болатынбыз.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар