Қонаевта турникке тартылудан республикалық фестиваль өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде алғаш рет әуесқой спортшылар арасында турникке тартылудан жарыс басталды. Оған өңірден 100-ден астам адам қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қонаев қаласында бастау алған спорттық сайыс қыркүйек айына дейін жалғасады. Аталған уақыт аралығында Tartyl Fest еліміздің 20 қаласында өтпек.

Аталған спорттық шара ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының қолдауымен өтіп жатыр.

Турникке тартылудан кез келген азамат бақ сынай алады. Сондай-ақ, қаржылай сыйақы қарастырылған.

Айта кетсек, Street Workout - бірнеше спорт түрінің басын біріктірген әуесқойларға арналған бәсеке.

Еліміздің 20 өңірінде өтетін «Tartyl Fest» шарасы барысында 9 санат бойынша 27 жеңімпаз анықталады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.

Әр қаладағы жүлде қоры:

1 орын 200 000 тг

2 орын 100 000 тг

3 орын 50 000 тг

Гранд Финалдың жүлде қоры:

1 орын 3 000 000 тг

2 орын 2 000 000 тг

3 орын 1 000 000 тг

Айта кетейік, ақтық сайыс Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйек күні өткізіледі.

Назарларыңызға турникке тартылудан жарыс қай күні, қай қалада өтетінін ұсынамыз:

Талдықорған 14 шілде;

Алматы 17 шілде;

Тараз 20 шілде;

Шымкент 23 шілде;

Түркістан 25 шілде;

Қызылорда 27 шілде;

Атырау 31 шілде;

Ақтау 3 тамыз;

Орал 6 тамыз;

Ақтөбе 9 тамыз;

Қостанай 12 тамыз;

Петропавл 15 тамыз;

Көкшетау 18 тамыз;

Жезқазған 21 тамыз;

Қарағанды 24 тамыз;

Павлодар 27 тамыз;

Семей 30 тамыз;

Өскемен 2 қыркүйек;

Нұр-Сұлтан 6-8 қыркүйек.


Соңғы жаңалықтар