19.05.2023 14:02 Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Талдықорғанда өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 10:40 Алмас Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Президент әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміммен Алмас Сұлтанұлы Батанов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.05.2023 17:00 Лязат Ақтаева Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасына басшы болды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Лязат Мейрашқызы Ақтаева облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.04.2023 12:21 Алматы облысында қонақ үйден 26 жастағы қыздың денесі табылды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында 26 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
15.04.2023 06:22 Қонаев қаласының дизайн коды таныстырылды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында мәслихат депутаттарына Қонаев қалысының дизайн коды таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.04.2023 07:45 Қапшағайға демалуға барған үш жігіт төбелесіп, ауруханаға түсті ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Қапшағай жағалауында демалмақ болған ер адамдар жекеменшік нысанның иесі және жұмысшыларымен төбелесіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.03.2023 13:34 Бір мандатты округтер бойынша Қонаев мәслихатына кімдер депутат болды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Бір мандатты округтер бойынша Қонаев қаласы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 18:28 Мемлекет басшысы Қонаев қаласын дамыту жұмыстарын жалғастыруды жүктеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
04.02.2023 13:00 Алматы облысында 43 жастағы ер адам ас қасықты әдейі жұтқан ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12.01.2023 13:25 Алматылықтар Дінмұхамед Қонаевты еске алды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 111 жыл толуына орай салатанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.01.2023 08:21 Алматы облысында ірі есірткі зертханасынан 30 келі мефедрон табылды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ІІМ мен ҰҚК бірлескен арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
02.01.2023 15:38 Қапшағайда мұз жарылып, балықшының көлігі суға батып кетті ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасында мұз жарылып, балықшының көлігі батып кетті. Енді ескертуді елемеген балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.12.2022 12:10 Алматы облысының әкімдігі бұрынғы казино ғимаратына көшті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысы әкімдігінің аппараты Қонаев қаласындағы бұрынғы ойынхана ғимаратына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.12.2022 14:42 Алматы облысында ArtSport арқылы пара алған шенеунік айыппұлмен құтылды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ArtSport мемлекеттік бағдарламасы арқылы пара алған шенеунік пен кәсіпкер ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.12.2022 18:45 Алматыдағы университеттер Қонаевқа қалай көшіріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Қонаев қаласынан академиялық қалашық құру мақсатында келер жылы Алматыдағы жоғары оқу орындарын көшіру басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
01.12.2022 11:57 Саяжайларға елді мекен мәртебеcін беру бойынша кешенді жоспар қарастыру қажет - сенатор АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенатор Жанболат Жөргенбаев еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында Қонаев қаласы тұрғындарының проблемаларын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.11.2022 19:10 Қонаев қаласының келбеті қалай өзгерді – фоторепортаж ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Қонаев қаласы қарқынды дамып, түрленіп келеді. Облыс орталығы болғалы шаһарда әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды. Одан бөлек, жол, жағажай, аулалар мен алаңдарды абаттандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Күннен-күнге келбеті күрт өзгеріп жатқан курорттық қалаға ҚазАқпарат тілшілері барып қайтты.
11.11.2022 20:32 Қонаевтан казиноны көшіру мәселесі әзірге қаралып жатқан жоқ- әкім ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қонаев қаласындағы ойынханалар ел экономикасына мультипликативті әсер етіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы журналистерге баспасөз тур барысында қала әкімі Нұрлан Құматаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.11.2022 08:46 Қонаев-Алматы бағытындағы пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 11 қарашадан бастап Қонаев-Алматы бағыты бойынша № 6906/6907 пойызды жолға шығарады. Дизельді теміржол пойызы күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, Алматы стансасынан кері қарай сағат 19.00-де жүреді. Жол жүру уақыты – 1 сағат, 17 минут, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02.11.2022 15:21 Қапшағай су қоймасында шабақтар қырылып қалды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында шабақ балықтар қырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.