Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы қызметіне Қайрат Ахметтаев сайланды

None
Фото: Қонаев қаласы мәслихатының баспасөз қызметі
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат- Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы лауазымына Ахметтаев Қайрат Нұраханұлы сайланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайрат Ахметтаев 1961 жылы 2 маусымда Алматы облысындағы Балқаш ауданының Бақанас ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын педиатр мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қонаев қалалық ауруханасында учаскелік дәрігерліктен бастады. 2003-2021 жж. аралығында Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы болды. 2021-2023 жж. аралығында Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасының дәрігер-сарапшысы болып қызмет атқарды. VIII шақырылымдағы қалалық мәслихатқа өзін-өзі ұсынды.

Айта кетейік, жалпы Қонаев қаласы мәслихатындағы депутаттардың саны - 12.


Соңғы жаңалықтар