Конькимен жүгіруші Екатерина Айдова Канадада «күміс» еншіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Айдова екінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, Айдова 3 мың метрді 4: 06: 12 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, екінші орынға табан тіреді.

Өкінішке қарай, осы қашықтықта 2001 жылдан бері өзгертілмеген Қазақстан рекордын жаңартуға 1.1 секунд жетпей қалды.

100 метрге жүгіруден Александр Кленко - екінші, Иван Аржаников 20-орын иеленсе, 500 метрде спортшылар тиісінше 11-ші және 18-ші сатыдан көрінді.

10 мың метрге жүгірген стайерлер жарысында Дмитрий Морозова 4-орын иеленіп, ел рекордына түзету енгізді. Ол 13: 03: 94 уақыт көрсеткішін тіркеді.

Соңғы жаңалықтар