Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі: Алина Дауранова үшінші орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияның Инцель қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Алина Дауранова 500 метрге жүгіруден үшінші орын иеленді. Ол 500 метрді 00:39.08 секундта жүгіріп өткен.

Алтын және күміс медалді Нидерланд елінің өкілдері жеңіп алды. Бұл Алинаның аталған кубоктік кезеңдегі екінші медалі.

Кеше қазақстандық спортшы 1000 метрге жүгіруден күміс жүлде иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар