Конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогі: Алина Дауранова «күміс» еншіледі

None
None
ИНЗЕЛЬ. ҚазАқпарат – Қазақстан өкілі конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.


Германияның Инзель аймағында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Жастар арасындағы додада қазақстандық Алина Дауранова екінші орыннан көрінді. Ол қыздар арасында 1000 м қашықтықты 1:17:23 уақытта бағындырды.

Жарыс нәтижесі бойынша Смит Пиен (Нидерланды) топ жарса, Анастасия Семенова (Ресей) үздік үштікті түйіндеді.


Соңғы жаңалықтар