Конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогі: Алина Дауранова екінші медаль алды
2021 жылғы 28 қараша 21:42

Конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогі: Алина Дауранова екінші медаль алды

ИНЗЕЛЬ. ҚазАқпарат – Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Алина Дауранова Әлем кубогі кезеңінде екінші медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, А.Дауранова 1500 метрге жүгіруден 3-орын алды. Мәреге бірінші болып Нидерланд спортшысы Эвелин Вийн келді. Екінші орын оның отандасы Джейд Гроневудке бұйырды.

Айта кетейік, конькимен жүгіру спортынан юниорлар арасындағы Әлем кубогі кезеңі Германияның Инзель қаласында өтіп жатыр. Бұған дейін Алина Дауранова 1000 метр дистанцияда «күміс» иеленген болатын.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT