Конькимен жүгіру: Әлем кубогында жас спортшылар 2 медаль алды
2022 жылғы 23 қаңтар 23:31

Конькимен жүгіру: Әлем кубогында жас спортшылар 2 медаль алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австрияның Инсбурк аймағында конкьимен жүгіру бойынша жастар арасында әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қазақстандық жас атлеттер ел қоржынын екі медальмен толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін 500 м қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді.

Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 м қашықтықт бойынша мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.


Jańalyqtar

MURAǴAT