Композитор: Карантин талабын сақтау - өзіміздің және жақындарымыздың саулығы үшін аса маңызды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Белгілі композитор, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қалибек Деріпсалдин қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда коронавирустың екінші толқыны басталып жатыр. Сондықтан құрметті қазақстандықтар, сіздерді карантин шараларын қатаң түрде сақтауға шақырамын. Дәл қазіргі сәтте дәрігерлер ұсынған кеңестерге құлақ асуымыз қажет. Денсаулық барлығымыз үшін аса маңызды. Осы орайда үнемі маска тағу, арақашықтықты сақтау ережелерін қаперде ұстайық. Бұл - әуелі өзіміздің, сосын жақындарымыздың саулығы үшін жасалуы тиіс шаралар», - дейді ҚР Композиторлар одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдин.

Сондай-ақ, композитор коронавирус инфекциясымен күрес жолында еңбек етіп жүрген дәрігерлерге алғысын жеткізді.

Еске сала кетейік, Қалибек Деріпсалдин таяуда медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында «Айналайын дәрігерім» атты ән шығарған болатын.


Соңғы жаңалықтар