Компаниялардағы  басшы әйелдер үлесін арттыру керек – Мемлекет басшысы
2020 жылғы 22 қазан 12:32

Компаниялардағы басшы әйелдер үлесін арттыру керек – Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Компаниялардағы басқарушылық лауазымдарда әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін арттыру керек. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент мемлекеттің қатысуымен қызмет етіп жүрген көпшілік компанияларда әйелдердің үлесі әлі де төмен екенін, яғни 5-7 пайыз шамасында екенін айтты.

«Осындай жағдай ел тұрғындарының жартысынан астамын құрап тұрған әйелдердің әлеуетін толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді», - деді Мемлекет басшысы.

Президент кеңес мүшелері бұл мәселені жан-жақты қарастырғанын, мемлекеттің қатысуы бар компаниялардың басшылық органдарында әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін арттыру туралы міндетті норманы енгізу қажеттігін ұсынғанын айтты.

«Аталған бастаманы кезең-кезеңмен жүзеге асыру туралы ойластыруымыз керек деп санаймын. Бұл өз кезегінде бизнес саланы әйелдер үшін тартымды етіп, мамандандырылған халықаралық рейтингілерде Қазақстанның позицияларын жоғары көтереді», - деді Қ. Тоқаев.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT