Компьютерлік томографиядан өту қызметі: Елордалықтар шағымына түсініктеме берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қарасты Медициналық көмек сапасын мониторингілеу департаментінің директоры Ләззат Шоманова компьютерлік томографиядан өту қызметіне қатысты шағымдарға түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада компьютерлік томографияға кезек бар екені рас. Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, елордадағы компьютерлік томография проблемасы шешілген. Яғни, мобильді бригада науқастарды компьютерлік томографияға апарып, күні бойы томографиядан өтуіне мүмкіндік жасайды. Тек ол үшін, емдеуші дәрігердің жолдамасы болуы керек. Яғни, алдымен мобильді топ келіп, температура мен сатурацияны өлшейді. Егер өкпенің зақымданғаны туралы күдік болса, онда компьютерлік томография тексерісі тағайындалады», - деп түсіндірді Ләззат Шоманова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Қордың өкілі барлық медициналық қызметтердің қолжетімділігі қатаң бақылауда екенін атап өтті.

«Барлық өтініштерге жауап береміз, сондай-ақ шағым түскен ұйымға арнайы барып, жоспардан тыс мониторинг жүргіземіз. Біз жағдайды сол жерде шешуге тырысамыз. Проактивті мониторинг нәтижесінде кейбір жеткізушілерде бұл қызмет жоқ екені белгілі болды. Арнайы барып тексерудің арқасында көптеген жеткізушілер қызметін дұрыс ұйымдастырып, науқастардың өтініштеріне, олардың шағымдарына бұрынғыдан әлдеқайда мұқият қарай бастады», - дейді Медициналық көмектің сапасын мониторингілеу департаментінің директоры.


Соңғы жаңалықтар