Компьютерлік таланттар жарысы: Алматыда информатикадан халықаралық олимпиаданың ашылуы (ФОТОРЕПОРТАЖ)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 27 шілдеде Алматы қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында мектеп оқушыларының информатика пәнінен XXVII халықаралық олимпиаданың (IOI-2015) салтанатты ашылуы болып өтті.

IOI-2015 Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатыр. Олимпиада түрлі елдердегі келген информатика және ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Оған әлемнің 86 елінен 630-дан астам делегат қатысуда.

Екі күн бойы олимпиаданың қатысушылары алгоритмдік есептерді шешіп, бағдарламалады.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 27 маусым күні болып өтті. Биылғы жылы Қазақстанның атынан төрт оқушы қатысып отыр: Маминов Данияр, Өмірзақ Мейрамбек, Бекболатұлы Бекжан және Алтыбай Назарбек.

Халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандықтар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Қарапайым түлектер Назарбаев Университетінің бірінші курсына foundation бағдарламасы бойынша оқуға түсе алса, жеңімпаз аталғандар үшін direct admission бағдарламасымен білім алу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ олимпиаданың жеңімпаздары ҰБТ тапсырудан босатылады. Қатарына жақсы оқушыны қабылдағысы келген көптеген ЖОО оларға тегін білім алу гранттарын ұсынады.

Сарапшылардың айтуынша, тапсырмалар қарапайым тілде жасалады. Қатысушылар тестілеудің автоматтандырылған жүйесіне жіберіліп, одан кейін қазылар алқасының алдын ала дайындаған тестілермен талданатын бағдарламаны жазуы тиіс. Жүйе жарыс қатысушыларына қандай балдар берілгенін өткізілген тестілердің саны бойынша өзі есептеген. Осының барлығы онлайн режімінде өткізілді.

«Бізде барлығы ашық түрде өткізіледі. Қатысушыларға нәтижелер көрсетілмесе де, олар барлық әлем біле алады. Екінші айналым аяқталған соң, кімнің қандай медаль алғаны белгілі болады. Бұл жағынан аталған олимпиаданың ешқандай ерекше жағы жоқ», - деп бөлісті өз пікірімен Назарбаев Университетінің National laboratory Astana жетекші ғылыми қызметкері Бақыт Маткәрімов.

Олимпиаданың қорытындылары мен жеңімпаздардың есімдері 1 тамыз күні белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар